Украинаға байланысты Ресей мен АҚШ арасында соғыс болуы мүмкін

АҚШ Қарулы күштерінің Солтүстік қолбасшылығының басшысы, генерал Грегори Гийо Украиндағы қақтығыс Мәскеу мен Вашингтон арасындағы тікелей соғысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Оның айтуынша, Ресейдің Қытай және Солтүстік Кореямен әскери ынтымақтастығын күшейтуі, сондай-ақ Солтүстік Корея әскерилерінің Курск маңындағы ұрыстарға қатысуы жағдайды ушықтырып отыр.
Генерал Грегори Гийо бұл мәлімдемесін Пентагонның соңғы қауіпсіздік баяндамасына сілтеме жасай отырып айтты. Онда Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің тереңдеп бара жатқаны, ал Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ пен жауынгерлік күш жөнелткені атап өтілген.
Сарапшылардың пікірінше, Украинадағы соғыс қана емес, сонымен қатар Арктика, киберқауіпсіздік және ғарыш кеңістігіне қатысты шиеленістер де ірі державалар арасындағы қақтығыс қаупін арттырып отыр.
АҚШ тарабы Ресей мен Қытайдың әскери оқу-жаттығуларына алаңдап, өз қауіпсіздігін күшейту үшін НАТО-мен бірлескен шаралар қабылдауда. Генерал Гийо бұл жағдайдың тек Украинамен шектелмейтінін, одан әрі геосаяси шиеленістерге ұласуы мүмкін екенін айтты.
Ал Ресей СІМ өкілдері АҚШ тарапынан жасалып жатқан мұндай мәлімдемелерді “арандатушылық” деп бағалап, бұл диалогқа кері әсер ететінін мәлімдеді. Ресей, керісінше, екі ел арасындағы байланыстарды қайта жандандыруға және тұрақтылықты сақтау үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірді.