Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:30

"Неге мен білуім керек?": Шенеунік Жалпақсайда иттер барынан бейхабар болып шықты

Иттер
Фото: zhasalash.kz

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбекұлы Жалпақсай ауылындағы балабақша жанынан ашылған оңалту орталығында иттер ұсталып отырғанынан хабарсыз болып шықты.

Әкімнің орынбасары журналистің “Балабақша жанындағы оңалту орталығында қабаған иттер бар екенін білдіңіз бе?” деген сұрағына:

– Жоқ, білген жоқпын. Неге мен білуім керек? Кешіріңіз, ауданда 360 мың халық бар. Бізде 47 елді мекен, 11 ауылдық округ, бір қала бар. Әр жердің өз әкімі бар. Солар қарауы керек, солар сигнал беруі керек еді, - деп жауап берді.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында ит талаған баланы құтқарып қалған азаматтың жауапқа тартылуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады.

Бұл мәселе қоғамда қызу пікірталас тудырды. Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұл мәліметтің жалған екенін мәлімдеді.

Журналист Серік Әбікенұлының жазуына қарағанда, 30 маусым күні Жалпақсай ауылында 10 жасар Максим есімді баланы үш қабаған ит талаған. Оқиға футбол алаңында болған. Баланың анасы Екатерина Бормистрова ұлының ауласынан шығып, достарымен бірге ойнауға кеткенін айтады. Алайда алаңға жақын орналасқан иттер питомнигінен Питбуль мен Ротвейлер тұқымды иттер қашып шығып, балаларға шабуылдаған.

Иттерден қашып үлгермеген Максим ауыр жарақат алған. Құлағы жұлынған, беті мен қолы шайналған. Аяғының бұлшық еттері жұлынып кеткен. Бала дереу ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін төрт сағаттық күрделі ота жасаған. Қазіргі жағдайы ауыр, оған бірнеше оталар мен ұзақ мерзімді оңалту қажет болады.

Тегтер: