Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Шахматтан әлем чемпионы Карлсен неге қазақстандық Алуа Нұрманға шағымданды

Алуа Нұрман мен Магнус Карлсен
Фото: Instagram/ @alua_nurman На

Жыл сайын өтетін Grenke Chess 16 шахмат фестивалінде әлем чемпионы Магнус Карлсен қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманмен селфи жасап, кейін оның телефонына қатысты төрешілерге шағымданды.

Екеуінің арасындағы партия алдында Алуа Нұрман телефон шығарып, Карлсеннен бірге суретке түсуді сұраған. Норвегиялық гроссмейстер келісіп, күлімсіреп селфи жасаған.

Алайда содан кейін ол төрешілерге барып, қарсыласының телефонын алып қоюды сұраған. Нәтижесінде төрешілер құрылғыны тәркілеп, партияда Карлсен жеңіске жеткен.

Шахматшының реакциясы

Соған қарамастан, Алуа Нұрман Instagram парақшасында Карлсенмен түскен суретті жариялап:

«Арманым орындалды! Ойын өте керемет өтті. Қолдау көрсеткендердің бәріне үлкен рахмет!» – деп жазды.

Айта кетейік, 18 жастағы Алуа Нұрман – Қазақстанның гроссмейстері. Өткен жылы ол БАӘ-де өткен Азия чемпионаты аясындағы блиц турнирінде бірінші орын алған.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан үміткерлер турнирінде қатарынан екінші рет жеңіліс тапқан болатын.