Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық әлеуетін 4 есеге ұлғайтпақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ядролық қуатын 2050 жылға қарай 400 ГВт-қа дейін арттыруды көздеп отыр.
Бұл қазіргі 100 ГВт-тық деңгеймен салыстырғанда төрт есе өсім деген сөз.
Президент арнайы жарлыққа қол қойып, энергетика, қорғаныс және қауіпсіздік салаларына қатысты ведомстволарға нақты міндеттер жүктеді. Трамптың айтуынша, бұл бастама:
- Ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге,
- Американың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге,
- Экономикалық тұрақтылық пен жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған.
Қазір АҚШ ядролық қару жүйесін модернизациялау жұмыстарын да белсенді жүргізуде.
Осы бағытта Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA) B61 сериялы ядролық бомбасының жаңа түрі — B61-13 моделін әзірлеп шығарды. Жоспар бойынша бұл бомба 2026 жылы дайын болуға тиіс еді, алайда мамандар оны мерзімінен бір жыл бұрын дайындап үлгерді.
B61-13 — реттелетін қуаттағы, заманауи авиациялық тасығыштарға бейімделген бомба.
Ол:
- Төмен қуатты тактикалық операцияларға да,
- Жоғары қуатты стратегиялық қолдануға да бейімделген.
Халықаралық сарапшылар мен ядролық саясатты бақылаушылар бұл қадамды жаңа “ядролық бәсеке дәуірінің” басталуы деп сипаттауда. Кейбіреулер бұл шешім Қытай мен Ресейдің әскери қуатының артуына жауап ретінде қабылданса, енді біреулер бұл жағдай ядролық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін деп алаңдауда.
Трамп әкімшілігі бұл жоспардың орындалуын мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы әріптестік арқылы жүзеге асырмақ. Алайда экологиялық ұйымдар мен ядролық қаруға қарсы қозғалыстар бұл бастаманы қауіпті және орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін дейді.