Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:10, 02 Маусым 2025

Шерзат Полаттың туыстары кәмелетке толмаған айыпталушыны кешіруді сұрады

Шерзат анасы
Фото: Жоғары сот

Бүгінгі сот отырысы жарыссөзге жалғасты.

Соттағы жарыссөз барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев 17 жастағы Думан Ысқақты жазаламауды марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың өзі өтінгенін еске салды.

Сондай-ақ, адвокат қаза тапқан Шерзаттың анасы — Гүлбара Бишембиеваның сотқа арнаған үндеуін оқып берді:

«Мұндай қайғылы жағдай ешкімнің басына келмесін. Ешқандай ана мен секілді жыламасын. Сот әділ жаза тағайындайды деп сенемін – кемінде 20 жыл. Бұл өзгелерге сабақ болсын».

Адвокат Мұстафаевтың айтуынша, сотталушы Думан Ысқақты кешіруді марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов сұрап отыр. Ол айыпталушыны кешірген екен. Адвокаттың айтуынша, Шерзаттың туыстарының мектеп оқушысына ешқандай талабы жоқ.

Айта кетейік, прокурорлар оны 1,6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушыға қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылып отыр.

Тегтер: