Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:25

“Елдегі орыстар қазақ тілін үйренуі керек” - депутат Пономарев

Пономарев
Фото: БАҚ

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Қазақстандағы орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі — елдің болашағы үшін аса маңызды екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазақ тілін игеру тек тұлғалық даму үшін ғана емес, бүкіл қоғамның бірігуіне, өзара түсіністік пен ұлтаралық татулықтың нығаюына жол ашады.

Пономарёв халықаралық ахуалдың ушығуына байланысты сыртқы ақпараттық және идеологиялық ықпалдардың күшейіп жатқанын атап өтті. Ол мұндай жағдайда ел ішіндегі тұрақтылық пен этносаралық келісімді сақтау – стратегиялық міндет екенін айтты.

— Бүгінде әлемде түрлі қақтығыстар, ақпараттық шабуылдар жиілеп барады. Мұндай жағдайда біз, Қазақстан азаматтары, бірлігімізді сақтауымыз керек. Ол үшін бізді біріктіретін басты құрал — қазақ тілі болуы тиіс. Бұл – тек қазақ халқының емес, барша қазақстандықтың тілі, - деді Пономарёв.

Оның сөзінше, Қазақстанның орыстілді халқы қазақ тілін белсенді түрде меңгеруы керек. Сондай-ақ оның мемлекеттік тіл ретіндегі маңызын сезінуі қажет. Оның үстіне Қазақстандағы орыстар мемлекеттік тілді меңгеріп, сол тілде сөйлеп, сол арқылы өсіп-жетілуі керек дейді депутат.

Айта кетейік, Сергей Пономарёв — «Amanat» партиясынан Мәжіліске сайланған депутат. Бұған дейін ол белгілі журналист, қоғам қайраткері ретінде танылған. 2023 жылдың наурызынан бастап төменгі палатада партия атынан ел мүддесін қорғап келеді.

Депутаттың бұл мәлімдемесі қоғамда қызу қолдауға ие болуда. Әлеуметтік желі қолданушылары оның ұстанымын орыстілді азаматтарға үлгі боларлық қадам деп бағалады.

Тегтер: