14:25, 30 Қыркүйек 2024
Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.
7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.