Бүгін, 16:20
«Вайнах халқы қазақтардың арқасында тірі қалды» – Руслан Аушев

Ингушетияның бұрынғы президенті Руслан Аушев 1944 жылғы депортация трагедиясын еске алып, қазақ халқына жүрекжарды алғысын айтты.
1944 жылдың 23 ақпанында Сталиннің бұйрығымен шешен және ингуш ұлттары жаппай депортацияға ұшырап, «Чечевица» операциясы аясында 602 мыңнан астам адам Қазақстан мен Орта Азияға күшпен қоныс аударылды.
— Барлығы қайғыдан басталды, бірақ үмітпен аяқталды. Біз жер аударылғанда ауыр күй кештік. Алайда Қазақстанға келгенде бізді құшақ жая қарсы алған халықты – қазақтарды кездестірдік. Сол қиын-қыстау кезеңде қазақ халқы бізге қолдау көрсетіп, аман қалуымызға себепкер болды, – деді Аушев.
Ол сол кездегі қазақ халқының адамгершілігі мен мейірімін ерекше атап өтті.