Украинадағы соғысқа қатысқан байқоңырлықтарға Ресейден баспана кезексіз беріледі

Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр қаласының тұрғындарына қатысты жаңа жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Украинадағы «арнайы әскери операцияға» қатысқан ресейліктер мен олардың отбасы мүшелері Ресей аумағынан тұрғын үй алу үшін берілетін әлеуметтік төлемдерді кезектен тыс рәсімдей алады.
Жеңілдік Байқоңырдағы мемлекеттік органдарда, муниципалды мекемелерде немесе ғарыш саласы кәсіпорындарында жұмыс істеген, не қазіргі уақытта еңбек ететін әрі соғысқа қатысқан Ресей азаматтарына беріледі.
Ресми құжатта: “Президент Жарлығымен «Байқоңыр» кешенінен көшірілуі тиіс арнайы әскери операцияға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері тиісті әлеуметтік төлемдерді кезектен тыс ала алады”, - деп жазылған.
Демек, Ресей азаматтығы бар Байқоңыр тұрғындары енді баспанаға қатысты әлеуметтік төлемдерді бірінші кезекте ала алады.
Еске салайық, Қазақстан Байқоңырдың кейбір бөлігін жалға беруден бас тартып жатыр. Ал Ресей әлі де бұрынғы мөлшерде ақы төлеп отыр. Бұл мәселеге қатысты цифрлық даму министрі пікір білдірген еді.