Олигарх Патох Шодиевтің қызы Еуразиялық банктің директорлар кеңесіне енді
«Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ акционерінің шешімімен «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Шодиева Муниса Патохқызы, ал тәуелсіз директор - Директорлар кеңесінің мүшесі болып Арман Жақыпбекұлы Нурушев сайланды.
Сол шешіммен 2024 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Жанбота Темірғалиұлы Бекеновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің мүшелері оған банктің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.
Банктің Директорлар кеңесінің құрамы 2024 жылғы 3 қазаннан бастап бес адам болып белгіленді:
Машкевич Александр Антонович – директорлар кеңесінің төрағасы;
Ибрагимов Шухрат Алиджанұлы – директорлар кеңесінің мүшесі;
Шодиева Муниса Патоховна – директорлар кеңесінің мүшесі;
Репей Виталий Николаевич – тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі;
Нурушев Арман Жақыпбекұлы – тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі.