Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:20

9 жастағы қызбен соқтығысып қалып, құлап, жарақат алған ардагер қайтыс болды

Ардагер
Фото: ашық дереккөз

СҚО-да жарақат алған соғыс ардагері көз жұмды.

Солтүстік Қазақстанда 97 жастағы соғыс ардагері Василий Макиенко өмірден өтті. Қарт майдангер көшеде жарақат алып, соңғы күндерін ауруханада өткізген.

Оқиға бірнеше күн бұрын болған. Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенко көгершіндерді тамақтандыру үшін сыртқа шыққан. Жолда жүгіріп келе жатқан 9 жастағы қызбен соқтығысып қалып, құлап, ауыр жарақат алған. 

Ол алдымен травматология бөліміне жеткізіліп, кейін жансақтау бөліміне ауыстырылды. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ардагердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Келесі күні қыз анасы екеуі ауруханаға келіп, гүл шоғын ұсынып, кешірім сұраған. Василий Макиенко кішкентай қызды кешіріп кеткен.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің елге сіңірген еңбегін ерекше атап, марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Макиенко — Ұлы Отан соғысына қатысушы, өмірін елге адал қызмет етуге арнаған жан ретінде есте қалады.