Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:40, 31 Шілде 2025

Қарулы күштердегі жаңа жоба – SARBAZ+

Күш
Фото: БАҚ

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтің жаңа үлгісі – SARBAZ+ пилоттық жобасын іске қосты.

Бұлбастама әскери қызметтің заманауи талаптарынасай болуына, сарбаздардың кәсіби және жекедамуына бағытталған.

Сынақ жоба алғаш Алматы облысында қолға алынады. 2025 жылдың күзінде Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 сарбаз жаңа форматтағы қызметке кіріседі. Бұл бөлім SARBAZ+ жобасынсынақтан өткізетін алғашқы алаң болады. Мұндаәскери қызметшілер үшін жаңа цифрлықмүмкіндіктер, заманауи инфрақұрылым жәнекәсіби даму бағдарламалары ұсынылады.

Жоба аясында әр сарбазға фитнес-білезікберіледі. Бұл құрылғы арқылы нақты уақытрежимінде сарбаздың денсаулық көрсеткіштерібақыланады. Деректер медициналық қызметкерлермен командирлерге қолжетімді орталық жүйегежіберіледі. Сондай-ақ бөлімде бейне талдау жүйесіде енгізіледі.

Әскери бөлімде спорттық нысандар жөнделіп, жаңа футбол алаңы мен электронды тир ашылды. Ойын спорт түрлеріне арналған алаңдар, көрерменаймақтары салынып жатыр. Сондай-ақсарбаздардың зияткерлік дамуына арналған шахмат секциялары ашылмақ.

«Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп, телекоммуникация және IT саласында оқыту жүргізіледі. Қызметмерзімі аяқталған соң сарбаздар арнайыаттестаттаудан өтіп, еңбек нарығында сұранысқа иеболатын сертификаттарға ие болады. Соныменқатар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиобайланыс, қазақ және ағылшын тілдерібойынша сабақтар қарастырылған.

Сарбаздардың психологиялық жай-күйінжақсарту мақсатында эмоцияны шығару бөлмесіашылады. Офицерлер мен сержанттар үшін жекетұлғаны дамытуға бағытталған тренингтерұйымдастырылады. Бұл бастама әскери кадрлардыңқұзыреттілігі мен стреске төзімділігін арттыруғакөмектеседі.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке байланысты сыни пікірлер көп айтылады. Әсіресе жастардың армияға барғысы келмейтіні, сондықтан оларды күштеп ұстап әкететіні жайлы дау көп. Сондықтан Қазақстан армиясына, әскерге шақыру әдістемесіне өзгеріс енгізудің маңызы зор. Сондай-ақ жастар арасында армияға барған бір жылда ештеңе үйрене алмаймыз, уақыттан ұтылып, қоғам көшінен кеш қаламыз деген пікір қалыптасқан. SARBAZ+ жобасы осы олқылықтың орнын толтырып, әскерге барған жастардың әскери дайындықтан бөлек ғылым-білім игеріп, жан-жақты жетілуіне мүмкіндік жасайды деген сенім бар.

Ең бастысы, іріктеу ашық әрі ыңғайлы өтеді.Жоба аясында арнайы ресми сайт іске қосылған. Болашақ сарбаздар сайт арқылы онлайн тіркеліп, сұхбаттасу мен іріктеуге қатыса алады. Комиссия үміткерлерді жеке анкеталары бойынша қарап, нәтижесін хабарлайды.

«SARBAZ+ – бұл әскери қызметтің жаңа үлгісіғана емес, жеке тұлғаның дамуына мүмкіндікберетін бастама. Біз әскерде жүрген әразаматтың болашақ өміріне пайдалы дағды мен білім алуын қамтамасыз еткіміз келеді», – дейді қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегіорынбасары Дархан Ахмедиев.

Жобаның тиімділігі дәлелденсе, оны ҚазақстанҚарулы Күштерінің басқа да бөлімдеріне кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. SARBAZ+ – бұләскердегі жаңа кезеңнің бастауы.

Қуан Өмірхан