Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:29, 13 Желтоқсан 2023

Атырау облысында жүкті әйел ауруханада көз жұмды

жүкті
Фото: из открытых источников

Атырау облысы, Махамбет ауданында 29 жастағы жүкті келіншек, жүктіліктің 36-аптасында аурухана төсегінде көз жұмды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «жедел респераторлық ауру жедел фарингит» диагнозын қойған. Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

«Қазір аталған дерек бойынша ҚК 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.