Еуропалық Одақ Израильмен әріптестікті тоқтатуы мүмкін бе?

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Каллас Израильдің адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін бұзуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл мәселе 2000 жылдан бері күшінде тұрған екіжақты келісімді қайта қарауға негіз болуы ықтимал.
Бүгін Брюссельде өтетін сыртқы істер министрлерінің жиынында Каллас Израильге қатысты экономикалық шектеулер енгізуді немесе кедендік артықшылықтарды алып тастауды ұсынуы мүмкін деген болжамдар бар.Еуропарламент Еуропалық одаққа Израильмен әлеуметтік, сауда және мәдени қатынастарды тоқтатуды ұсынды.
Бұған Еуроодақ пен Тель-Авив арасындағы келісімнің бұзылғаны түрткі болды. 2000 жылы бекітілген құжат бойынша Израиль халықаралық қауіпсіздікті сақтауы тиіс еді.
Иерусалим бұл айыптауларға дереу жауап беріп, Еуроодақтың ұстанымын «біржақты әрі әділетсіз» деп бағалады. Сонымен қатар кейбір Еуропарламент депутаттары Израильді қолдап, ЕО-ның бұдан бас тартуы қазіргі күрделі геосаяси жағдайда «сатқындықпен» тең болатынын айтып отыр.
Сондай-ақ, Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуі аясында Израильдің әрекеттеріне қатысты қатаң мәлімдеме жасады.
1news.az порталының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жарияланған үндеуінде ол Израильді «үлкен қателік» пен «ауыр қылмыс» жасады деп айыптап, ол үшін жазаға тартылуы тиіс екенін айтты. Хаменеи бұл жазаның қазірдің өзінде басталғанын мәлімдеді.
«Сионистік дұшпан ауыр қылмыс жасап, үлкен қателікке жол берді. Ол міндетті түрде жазаға тартылуы керек – және ол жаза қазірдің өзінде басталды. Дәл қазір өз жазасын алып жатыр», - деп жазды Иранның рухани көшбасшысы.
Жозе Мануэль Альбарес Брюссельде өткен Еуропалық Одақ сыртқы істер министрлерінің жиынында Израильге қарсы қатаң қадамдар жасау қажеттігін алға тартты. Ол санкциялар енгізуді де ұсынды.
— Еуропалық Одақ Газадағы геноцидті жалғастырып жатқан Израильге қарсы санкцияларды енгізуде табандылық танытуы тиіс. Әйтпесе, қалғанның бәрі бекер болады, - деп мәлімдеді Испания Сыртқы істер министрлігінің басшысы.