Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:15

Қызылордада атом және энергетикалық қадағалау комитеті департаментінің басшысы ұсталды

Кнб
Фото: кнб

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Энергетика министрлігіне қарасты Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің басшысын ұстады. 

Бұл туралы ақпаратты ҰҚК растады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылғы 23 шілдеде ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған лауазымды тұлғаны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, шенеунік жүйелі түрде жер қойнауын пайдаланушылардан материалдық пайда алып отырған коррупциялық схеманы ұйымдастырған. Бұл әрекеттер мемлекеттік бақылау функцияларын жеке пайда табу мақсатында қолдануға мүмкіндік берген.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің:

  • 362-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы – “Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану”,
  • 364-бабының 1-бөлігі – “Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу” баптары бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды.