Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 24 Қараша 2025

«Ол қаланы КСРО салған»: Рудныйдағы көшелерді қазақыландыру мәселесі талқыланып жатыр

Рудный
Фото: Әл.желі

Рудный қаласында өткен қоғамдық тыңдау кезінде Ивана Франко көшесін Әлия Молдағұлова, ал 50 лет Октября көшесін Достық деп атау ұсынысы қаралды. 

14 депутаттың 12-сі қатысқан жиында 10 депутат қолдаса, тек біреуі — «Горняк» мәдени ойын-сауық орталығының директоры Валерий Гирфанов қарсы шықты.

«Көшенің атауын өзгерткеннен кейін жолдарымыз жақсара ма, жаңа жұмыс орындары ашыла ма, балалар айналаны былғауды қоя ма?», - деп пікір білдірді белсенді Корчагина.

Жергілікті тұрғындардың бірі көшелердің атауын өзгертуді жақтаушыларды «қос стандарт қолданды» деп айыптады. Оның айтуынша, Рудный қаласы дәл сол КСРО арқасында пайда болды, мұнда әртүрлі ұлт өкілдері келіп, бүгінгі тұрғындар пайдаланатын барлық нысандарды өз қолдарымен салған.

Желіде кей қазақстандықтар Рудный қаласының атауын да өзгерту керек деп есептейді. Ұсыныстар арасында Кеңқала немесе Сарыбай деген атау бар.

«Мен тек еске салғым келеді, Рудный қаласы КСРО дәуірінде пайда болды. Мұнда КСРО-ның әр түкпірінен келген түрлі ұлт өкілдері қалды, өз денсаулығын қиып, осы қаланы көтеруге үлес қосты. Қазіргі таңда қалада тұратын адамдар дәл сол КСРО кезінде салынған ортада өмір сүріп жатыр.

Сіздерге пәтер берілді, қала берілді, өмір сүру, араласу, отбасы құру және даму мүмкіндігі берілді. Қала өсіп келеді, жаңа көшелер мен нысандар салуға ешкім тыйым салмайды. Міне, оларды қазақ есімдерімен атауға болады», - деді тұрғын.

Тегтер: