Бас прокуратура мен ІІМ экс-министр Руслан Жақсылықовтың ұсталғанын растамады

Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев бүгін Мәжіліс отырысы арасында бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғанына қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, прокуратура органдарында оның ұсталғаны немесе оған қатысты қандай да бір іс-шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі кей пабликте тараған Жақсылықовтың пәтерінде тінту жүргізілген қауесетке қатысты сұраған тілшілердің сауалына «мұндай мәліметім жоқ» деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, кеше қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Артынша экс-министрдің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбековтің жауабы да прокуратура өкілінің сөзімен үндес. Ол тиісті тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Ал қазір бұл дерекке қатысты түсініктеме бере алмайтынын, өйткені бұл жайында кеше БАҚ арқылы білгенін айтты.
Руслан Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтарда Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Оған дейін отырған Мұрат Бектанов 2023 жылдың көктемінде билікті асыра пайдаланғаны үшін 12 жылға сотталды. Ал 2024 жылдың 6 ақпанында Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды. Сөйтіп 2025 жылғы 8 маусымда президент Жарлығымен қызметінен босатылды.