Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:25

Шымкентте аудандық полиция басшысының орынбасары зорлау бойынша айыпталуда

Полиция
Фото: Instagram

Шымкент қалалық Полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкері Еңбекші аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ерлан Жумановты зорлады деп айыптап, полицияға арыз жазғаны туралы ақпарат тарады. Майор Ерлан Жұмановтың үстіне шағымданған құқық қорғау органының қызметкері екен. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы (“Зорлау”) бойынша іс қозғалып, Тұран аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Басылым мәліметінше, жәбірленуші жүкті.

Бұл ақпаратты Шымкент қалалық Полиция департаменті растады, алайда тергеуге байланысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған.

«Әйел адамның шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады», - деп мәлімдеді Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Айта кетерлігі, Ерлан Жұмановтың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне 11 жылдан асқан.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, майор шеніндегі басшыға қатысты арызды оның өз әріптесі түсірген.