Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:50

13 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды

Қырғызстан
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан мен Қырғызстанның Бас прокуратуралары топпен зорлау қылмысы бойынша іздеуде болған азаматты елге қайтарды.

Бұл туралы Бас прокуратура жұма күні мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 2012 жылы Жамбыл облысында болған. Күдікті алты сыбайласымен бірге екі қызды іс-шараға шақырып, сусындарына клофелин қосып, олардың әлсіз күйін пайдаланып, зорлаған.

Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар сол кезде жазаларын алған. Ал бұл азамат 13 жыл бойы қашып жүрген. 2025 жылдың сәуірінде ол Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.