Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:28

Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарулар әлі де табылуда

Қаңтар
Фото: БАҚ

Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

ҰҚК 2025 жылдың тамызынан бастап полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана мен Шымкентте, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы қаруды анықтап, тәркілеу бойынша арнайы шаралар өткізді.

Нәтижесінде «Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандардың да арасында бар 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500-ден астам оқ-дәрі алынды.

Ұқк
Фото: ҰҚК

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Ұқк
Фото: ҰҚК