Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:58

Трамп Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзартты

Трамп
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп 2014 жылы Қырымның аннексиясынан кейін Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың қолданылу мерзімін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.  

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Ақ үй №13660 жарлықпен енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімін ұзартты. Аталған жарлыққа алғаш рет 2014 жылғы 6 наурызда АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама қол қойған.

Бұл төтенше жағдай режимі санкциялардың құқықтық негізі саналады және бұған дейін де бірнеше мәрте ұзартылған.

Ол Украинаның демократиялық институттарына нұқсан келтіруге, сондай-ақ елдің бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төндірді деп есептелетін жеке және заңды тұлғалардың активтерін бұғаттауға мүмкіндік береді.