Шымкентте тыл еңбеккері нәжіс пен тарақанға толы үйде өмір сүріп жатыр

Шымкент қаласында тыл еңбеккері Мария Пономареваның ауыр жағдайда күн кешіп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар оның зейнетақысын туған сіңлісі заңсыз иемденіп жүргені анықталды.
Lider.kz еріктілерінің мәліметінше, тыл еңбеккері антисанитарлық жағдайда – нәжіске толы, тарақандар өріп жүрген пәтерде тұрып келген. Қарт адамға күтім жасау міндеті жүктелген сіңлісі оның зейнетақысын өз пайдасына жаратып отырған.
- Аскаров көшесіндегі жатақханада Маша әже осындай мүшкіл жағдайда тұрып жатыр – бұл кісі, айтпақшы, тыл еңбеккері. Мына сұмдықты қараңыздаршы! Оны қарттар үйіне апарған, бірақ сіңлісі кері алып кетіп, қараусыз қалдырған. Кім кінәлі, не істеу керек? 9 мамырда әжейге алтын медаль мен ақша табысталды, бірақ бәрі әпкесінің қолына берілген. Әкімдік қайда қарап отыр?» – деп наразылық білдірді волонтерлер.
Қазіргі таңда зейнеткер арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды. Мамандар оған тиісті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Ал зейнетақысын иемденіп келген сіңлісі әзірге байланысқа шықпай отыр. Бұл жайт бойынша жергілікті билік пен құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, заңбұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.