Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 19 Қаңтар 2026

Шымкентте 17 жастағы қыздың дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Полиция
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада әлеуметтік желіде жәбірленуші қыздың видеосы тараған еді. Онда ол белгісіз адамның өзіне күш қолданып, алып қашқанын және зорланғанын айтқан.

Қалалық полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға басқармаға жеткізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: