Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:51

NASA Айдың арғы бетін көрсетті

Ай
Фото: NASA

NASA Айдың арғы беті түсірілген әсерлі фотосуретпен бөлісті. Суретті Жердің табиғи серігін айналып ұшып жүрген Artemis II миссиясының астронавттары түсірген.

Фотосуреттің оң жағында Айдың Жерден көрінетін бөлігі бейнеленген. Ал сол жағында – Айдың арғы бетінің бір бөлігі.

«Жерден көрінетін жақты оның бетінде орналасқан қара дақтардан тануға болады. Олар Айдың ерте кезеңдеріндегі жанартау белсенділігі нәтижесінде пайда болған. Лава ағындарының батысында орналасқан ірі кратер – Ориентал бассейні. Оның ені шамамен 600 мильді (965 км) құрайды және ол Айдың көрінетін және көрінбейтін бөліктерін қамтиды. Artemis II экипажы Ориентал бассейнін толық көрген алғашқы адамдар болды», – делінген хабарламада.

NASA мәліметінше, кратердің сол жағында орналасқан аумақтың бәрі – Айдың арғы беті. Бұл бөлікті Жерден көру мүмкін емес.

Себебі Ай өз осі төңірегінде Жерді айналу жылдамдығымен бірдей жылдамдықта айналады.

Айта кетейік, сәуір айының басында кейінгі 54 жылда алғаш рет Жер орбитасынан тыс миссия ұшырылды. Artemis II миссиясы Айға бағыт алды. Жоспар бойынша, астронавттар Айды айналып ұшып, кейін Жерге қайта оралады.

Тегтер: