АҚШ 36 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр

Олардың қатарында Қырғызстан, Мысыр және Сирия бар.
Бұл туралы Reuters хабарлады.
Егер бұл елдер 60 күн ішінде Вашингтонды алаңдатып отырған мәселелерді шешпесе, тыйым күшіне енеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ішкі телеграммасынан белгілі болды. Құжатқа хатшы Марко Рубио қол қойған.
АҚШ үкіметінің алаңдауына бірнеше себеп бар: елдердің депортация мәселелері бойынша ынтымақтастық жасамауы, қауіпсіздік деңгейі төмен төлқұжаттар және әлсіз мемлекеттік институттар. Мемлекеттік департаменттің құжатында кейбір елдердің азаматтары АҚШ-та лаңкестік әрекеттерге қатысқаны немесе антисемиттік әрі антиамерикалық әрекеттер жасағаны туралы айтылған. Тағы бір елдер АҚШ-тың талабы бойынша өз азаматтарын кері қайтаруға көмектеспеген немесе жеке басын растайтын сенімді құжаттарды беру үшін қажетті үкіметтік ынтымақтастық орнатпаған көрінеді. Бұдан басқа Вашингтон кейбір елдердің төлқұжаттары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп есептеп отыр.
Жалпы алғанда, АҚШ 36 мемлекеттің тізімін жасап отыр. Олар: Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Бутан, Буркина-Фасо, Кабо-Верде, Камбоджа, Камерун, Кот-д'Ивуар, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Доминика, Эфиопия, Мысыр, Габон, Гамбия, Гана, Қырғызстан, Либерия, Малави, Мавритания, Нигер, Нигерия, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Оңтүстік Судан, Сирия, Танзания, Тонга, Тувалу, Уганда, Вануату, Замбия және Зимбабве.
Бұл елдердің азаматтарына екі айдан кейін АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін.
"Департамент алаңдаушылық тудырып отырған 36 елді анықтады. Бұл мемлекеттер 60 күн ішінде белгіленген шарттар мен талаптарды орындамаса, олардың кіруіне толық немесе ішінара тыйым салу ұсынылуы мүмкін", - деп жазылған жеделхатта.
Маусым айының басында президент 12 елдің азаматын АҚШ-қа кіруді шектейтін заңға қол қойған. Олар: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан и Йемен. Бұған қоса, тағы жеті елдің азаматтарына ішінара шектеу енгізілген. Олар: Бурунди, Кубы, Лаоса, Сьерра-Леоне, Того, Түркіменстанжәне Венесуэла.