Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 01 Мамыр 2025

Алматы облысы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Айбол Күлбаев қамауға алынды

Айбол Күлбаев
Фото: ашық дереккөз

Айбол Күлбаевқа пара алды деген күдік келтірілуде.

Ол Республикалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернатында директор қызметін атқарған кезде жемқорлық әрекетке барған деген күдікке ілінді.

Антикордың ресми мәліметіне сәйкес, Күлбаев жеке кәсіпкерден 8 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл қаржы мемлекеттік сатып алу аясында азық-түлік жеткізу бойынша келісімшарт жасасу үшін берілген.

Күлбаев бұл интернатты бір жылға жуық басқарған. Спорт басқармасы басшысы қызметін атқарған мерзімі екі айдан аспайды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Ал сот бұлтартпау шарасы ретінде Күлбаевты қамауға алуға шешім шығарды.

Бұл іс қоғамның наразылығын туғызып отыр. Халық мемлекет қаржысының мақсатсыз жұмсалуы мен спорт саласындағы жемқорлық фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаулы.