Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:25

Астанада әйелін ұрған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа үкім шығарылды

Мамаш
Фото: БАҚ

Ол орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға қамалады, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот жабық форматта өтті — бұл шешім жәбірленушінің сұрауымен қабылданған. Карина Мамаш олардың қарым-қатынасына қатысты жеке мәліметтер жария болуын қаламаған.

Оқиға 2024 жылдың мамырында басталды. Сол кезде оның жұбайы Карина Мамаш видеоүндеу жариялап, 10 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған еді. Осыдан кейін Сәкен Мамаш шұғыл түрде БАӘ-дегі қызметінен кері шақыртылды.

Сот
Фото: сот

«Сәкен Мамаш Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья.

2025 жылдың 4 сәуірінде ол қамауға алынды. Сот процесі кезінде прокурор дәл осы 6 жылдық жаза мерзімін сұраған болатын. ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұрын сотталмаған адамдарға, әдетте, ең төменгі жаза тағайындалады.

Еске салайық, 2024 жылғы 10 мамырда Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол дипломатиялық қызметінен шеттетілді. Сол жылдың қазан айында Карина Госман бұрынғы жұбайымен ресми түрде ажырасып, Мамаш деген тектен бас тартты. Каринаның айтуынша, күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқан.

Бірақ Сәкен Мамаштың ағасы үкіммен де, жәбірленуші Каринаның әрекетімен де келіспейді. Нұржан Мамаш үкімнің міндетті түрде шағымданатынын мәлімдеді.

Тегтер: