Шерзат Полат ісі: сотталушыларға үкім шықты

2 айға созылған Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы аяқталды.
Абзал Шынасыл - 23 жыл;
Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) 20 жыл;
Шыңғыс Белғожаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Дархан Әскентай қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);
Нұрбол Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда);
Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды.
Шерзаттың отбасына сотталушылардан моральдық шығын өндірілді. Шерзаттың әкесі мен шешесіне, әжесіне:
▪️Шынасыл әр жәбірленушіге 20 млн теңгеден;
▪️Сакиев әр жәбірденушіге 15 млн теңгеден;
▪️Қалған сотталушыларың әрқайсысы 10 млн теңгеден береді.