Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:15, 26 Маусым 2025

Қазақстанда мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізуге еш негіз жоқ - Әшімбаев

Әшімбаев
Фото: ашық дереккөз

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев саяси науқанға байланысты сыбысты жоққа шығарды.

Парламенттің жоғарғы палатасы бүгін өз жұмысын қорытындылады.

«Мен бұл тақырып жиі көтеріліп жатыр деп айта алмаймын. Бәлкім, бәзбіреулер бұл ақпаратты таратып жатқан шығар. Біз өте көп заңдарды қарастырып жатырмыз. Сондықтан да мерзімінен бұрын сайлау өтеді деуге еш негіз жоқ. Парламент, оның ішінде Сенат біздің заңнамалық күн тәртібімізге сай жұмыс істеп жатыр», - деді Сенат спикері.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапарына және Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді.

“Бұл сапардың ресми мәртебесі болған жоқ. Бұл – жеке сипаттағы кездесу. Экс-президенттің басқа елдердің басшыларымен жолығуына құқығы бар. Мұндай кездесулер жеке бастамалар аясында жүзеге асады”, - деді Әшімбаев.