Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:50

«Мама, военк…»: Қазақстанда студенттерді көшеде күшпен әскерге алып кетіп жатыр

Әскер
Фото: zhasalash.kz

Бұл — жеке жағдай емес, жүйелі мәселенің айғағы.

Түркияда оқитын студент Астанаға анасына қонаққа келіп, көшеде ұсталды. Оқиғаның басты кейіпкері — Түркияда білім алып жүрген қазақстандық студент. Жазғы демалысқа келген ол Астананың көшесінде кетіп бара жатқанда, әскери комиссариат қызметкерлері оны күшпен көлікке отырғызып алып кеткен. Ешқандай повестка, түсіндіру болған жоқ. Ол тек бір ғана хабарлама жазып үлгерген: «Мама, военк…». Содан кейін байланыс үзілген. Телефонды қолынан жұлып алған.

Тәжіқұл
Фото: әлеуметтік желі

Журналист Халима Тәжіқұлдың айтуынша, бұл студент шетелде оқитынын растайтын анықтаманы алдын ала әкеліп, жүйеге жүктеткен. Алайда әскери комиссариат өкілдері:

«Сіздің анықтамаңыз базада 10 күннен кейін ғана көрінеді», - деген.

Қазір жігіттің анасы түннен бері әскери бөлім есігін тоздырып жүр. Неге бұлай? Erasmus бағдарламасымен шетелге оқуға кеткен студент ата-анасын көруге келгені үшін осындай жағдайға тап бола ма?

Тәжіқұл
Фото: әлеуметтік желі