Экс-судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Жақып Асановтың экс-кеңесшісіне іздеу жарияланды.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарлығаш Құрмашқызы Тәткеева 2025 жылдың 20 маусымынан бері іздеуде. Іс Қарағанды облысында тіркелген. Іздеу жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізіп жатыр. Бұл дерек құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
«Тәткеева Қарлығаш Құрмашқызы. Іздеуде жүргеніне үш күн болды. Іздеу ісі 2025 жылдың 20 маусымында тіркелген. Іс Қарағанды облысы бойынша тіркелген. Іздеуді бастаған орган – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті», - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздеу парағында.
Тәткеева Жоғарғы Сотты Жақып Асанов басқарған кезеңде азаматтық істер бойынша төрағаның кеңесшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар ол әр жылдары Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қаласының сотында судья болған.