Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 27 Мамыр 2025

Еңсебек ісі бойынша апелляция: сотталушы үкімге шағымданады

Еңсебек
Фото: zhasalash.kz

27 мамыр күні Алматы қалалық сотында Qaznews24 сатиралық парақшасының бұрынғы авторы әрі экс-әкімшісі Темірлан Енсебекке қатысты істің апелляциялық қаралуы өтіп жатыр.

Сот отырысы онлайн форматта өтуде.

Еске сала кетейік, сәуір айында Алматының Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебекті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша — «алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 5 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Сот үкімі шыққаннан кейін оның адвокаты Жанар Балғабаева апелляциялық шағым түсірді.

Үкімге сәйкес, Еңсебекке журналистикамен және саясатпен айналысуға, митингілерге қатысуға, тренингтер өткізуге және грант алуға тыйым салынған. Сонымен қатар оған жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмыс міндеттеліп, ноутбук пен телефоны мемлекет меншігіне тәркіленді.

1 мамырда Qaznews24 парақшасында: «Еңсебек енді бұл жобаға қатысы жоқ» деген хабарлама жарияланды. Бүгінгі апелляциялық сот отырысы бастапқы үкім күшінде қалатын-қалмайтынын анықтайды.