Бүгін, 18:10
Ерболат Досаев ертең отставкаға кете ме?

Ертең Алматы қаласының әкімі ауысуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихаты хабарлады.
«Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының қазіргі әкімі Ерболат Досаев 2022 жылғы 31 қаңтарда сайланған. Сондай-ақ бұған дейін қоғам қайраткері Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.