Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 29 Сәуір 2025

Кәрім Мәсімовтің үйі сатылымнан алынды

Мәсімов
Фото: ашық дереккөз

Астана әкімдігі үйді “әлеуметтік қажеттіліктер үшін” әкімдік меншігіне беру туралы өтініш білдірген.

Енді үйдің қандай мақсатта пайланылатынын қала басшылығы шешеді.

"Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарынан алынды. Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетері, Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй үш рет сатылымға шығарылған болатын.

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді.

Зәулім үйді үш рет аукционға шығарғанымен, сатып алушылар табылмады.