Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:53

Әскерилерге сапасыз киім жеткізілгені анықталды

Әскер
Фото: ашық дереккөз

1200-ден астам етік ауыстырылды.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан Қарулы Күштеріне жеткізілген киім-кешек пен аяқ киім сапасына қатысты елеулі мәселелер анықталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдары 1200-ден астам жазғы және қысқы етік сапасыз деп танылып, ауыстыруға мәжбүр болған. Көп жағдайда етіктер техникалық талаптарға сай келмеген немесе зауыттық ақаулар анықталған.

Салада орын алған бұл жағдай бірқатар отандық кәсіпорындардың әлі күнге дейін ескі жабдықпен жұмыс істеп жатқанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар киім-кешек пен керек-жарақтарды жобалаумен айналысатын конструкторлық бюролардың жұмысы да сын көтермейді, оны жетілдіру қажет.

Мәселені шешу үшін Қарулы Күштердің Тыл қызметі киім мен аяқ киімнің, сондай-ақ далалық жағдайға арналған жабдықтардың техникалық сипаттамаларына өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер болашақта әскери қызметшілерге берілетін құрал-жабдықтың сапасын арттыруға бағытталған.

Министрлік сапасыз өнім жеткізген кәсіпорындарға қатысты нақты шаралар қабылданатынын да ескертті.