Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:50

Мұнай мен уран енді Қазақстанды асырамайды

Мұнай
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Көп жылдар бойы Қазақстан үшін экспорттан түсетін табыстың негізгі көзі мұнай, руда және уран болып келді. 

Алайда 2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіштер бұл салалардан түсетін пайда күрт төмендегенін көрсетіп отыр.

Halyk Finance сарапшылары Қазақстанның сыртқы саудасына қатысты статистиканы зерттеп, бірқатар күмәнді жайттарды атап өтті. Ал ресми органдар әзірге бұл мәселелерге нақты түсініктеме бермеген.

Экспорт айтарлықтай төмендеді:

2024 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында экспорт көлемі 13,4% қысқарған. Ал импорт керісінше 0,3% өскен. Бұл кезеңде Қазақстан сыртқы саудадан 16,3 млрд доллар тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 млрд долларға аз.

Ең көп төмендеген сала — шикізат экспорты. Ол бір жылда 14,4% азайған. Аралық өнімдер экспорты да 6,7% қысқарды. Дайын өнім экспортында өсім бар — 4,2%, бірақ оның жалпы көлемі әлдеқайда аз (1,8 млрд доллар), шикізат экспортынан (12,8 млрд доллар) бірнеше есе төмен.

Мұнай экспорты бойынша түсініксіз жайттар бар. Сарапшылардың айтуынша, мұнай экспорты құндық жағынан да (-21,2%), физикалық көлем жағынан да (-14,0%) азайған. Бұл елдегі мұнай өндірісінің өскеніне қарамастан орын алып отыр. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» мұнай өндіру көлемін 5,8% ұлғайтқан, оның ішінде Теңіз кен орнының қуаты артқан. Бірақ өндіріс өскенде экспорт та өсуі керек еді. Сарапшы Айдос Тайбекұлының айтуынша, бұл қайшылықтың себебі туралы ресми түсініктемелер табылмаған.

Руда мен минералдар экспорты да төмендеген — 5%. Әлемдік нарықта темір рудасына сұраныс азайып, Қазақстан оны 30% аз сатқан. Мыс рудасының экспорты аздап — 1% ғана өскен. Ел сыртқа бидай сатуды да көбейткен, бірақ оның көлемі экспортқа айтарлықтай әсер етпейді.

Уран да құнсыздана бастады. Қазақстан үшін стратегиялық ресурс саналатын уран мен оның өнімдерінің экспорты да құлдырауда. Ядролық отынға арналған жартылай фабрикаттар 84% аз сатылған, ал физикалық көлем 80% төмендеген. Бұған былтыр басталған технологиялық компоненттер тапшылығы себеп болуы мүмкін.

Жағымды жаңалықтар да бар:

• металлопрокат экспорты 9% өсті

• машиналар мен жабдықтар — 12,9%

• зергерлік бұйымдар — 18,9%

• өсімдік майлары мен майлы өнімдер — 80%

Дегенмен Halyk Finance сарапшылары бұл өсімді «бөшкедегі шай қасық бал» деп бағалады.

Сыртқы саудадағы профицит 39%-ға қысқарды. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында сауда балансы 5,6 млрд доллар болса, 2025 жылы ол 3,4 млрд-қа дейін азайған. Яғни 39% төмендеген. Екі айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 36% болатын. Сонымен қатарбейшикізаттық сауда балансы да нашарлап, 8,2 млрд долларды құрады (былтыр — 8,1 млрд).

Айта кетерлігі, Қазақстан осы аралықта ОПЕК-тің мұнай өндіруге қатысты талаптарын тағы да елемеген.

Тегтер: