Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Құпия кездесу: Украина-Ресей соғысы тоқтай ма?

Украина және Ресей
Фото: azh.kz

АҚШ пен Еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлері қатысуы тиіс Лондонда жоспарланған жиын кейінге қалдырылғанымен, Ұлыбритания мен Украина өкілдері келіссөз өткізіп үлгерді. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми бұл келіссөзді “маңызды” деп атап өтті.

23 сәуір күні Sky News арнасының хабарлауынша, Ұлыбритания мен Украина делегациялары арасында өткен кездесуге Украина тарапынан Қорғаныс министрі Рустем Умеров пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Сибига, ал Ұлыбритания тарапынан Қорғаныс министрі Джон Хили мен Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми қатысты.

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Лондонға келген АҚШ делегациясын бастап келген президенттің арнайы өкілі Кит Келлогпен де кездесу өткізуі мүмкін.

Еуропалық комиссия өкілі Гийом Мерсье Брюссельдің Лондондағы дипломатиялық келіссөздерге қолдау білдіретінін айтып, БҰҰ Жарғысына сай кез келген бейбіт бастаманы құптайтындарын жеткізді. Алайда ЕО бейбіт келісім тек Украинаның және Еуроодақтың қатысуымен ғана мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, Қырым — Украина аумағы болып қала береді.

АҚШ шеттетілуі мүмкін. Не үшін?

Sky News таратқан ақпаратқа сәйкес, Лондонға бес елден жоғары деңгейдегі шенеуніктер келуі тиіс болған. Алайда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келіссөздерде прогресс байқалмаса, Вашингтон бұл үдерістен шеттейтінін мәлімдеді. Axios дерегінше, Рубио Лондонға барудан бас тартқан. Ал The New York Times басылымы оның мұндай шешім қабылдауына Украинаның АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бірқатар шарттарды қабылдамауы себеп болғанын хабарлады.

Тегтер: