14:47, 28 Қазан 2023
Маңғыстау тұрғынынан 50 келі бекіре балығы тәркіленді

Полицейлер он дана бекіре балығын тәркіледі.
25 қазан сағат 20:35 шамасында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ЖҚАЖ және патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 39 шақырымында Mazda автокөлігі тоқтатылды.
Полицейлер он дана бекіре балығын тәркіледі. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 45 келі 650 грамм.
Полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматтың жеке басын ұстады. Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.