Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

АҚШ пен Қытай мәмілеге келді: Сауда соғысы тоқтай ма?

АҚШ пен Қытай
Фото: iz.ru

АҚШ пен Қытай арасындағы көптен бергі шиеленісті қатынас жұмсарып, қос алпауыт ел сауда мәселесіне қатысты бірқатар келісімге келгенін мәлімдеді.

Швейцарияда өткен келіссөздердің алғашқы күні-ақ тараптар өзара түсіністікке қол жеткізіп, сауда тапшылығын қысқарту бағытында нақты уағдаластық орнатты. Алайда келісімнің толық мазмұны әзірге жарияланған жоқ — егжей-тегжейі алдағы күндері белгілі болмақ.

АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуге жоғары баға беріп, Қытаймен диалогтың оң нәтиже бергенін атап өтті. Қытай тарапы да сауда саласында туындаған түйткілдерді шешуге бағытталған маңызды келісім жасалғанын хабарлады.

Бұл жаңалық әлемдік нарыққа да оң әсерін тигізді. Құнды қағаздар құны өсіп, АҚШ долларының бағамы қайта нығайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл — нарықтағы сенімнің қалпына келе бастауының белгісі.

Еске салсақ, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өзара енгізілген қосымша салықтардан басталып, жаһандық экономикаға кері әсерін тигізген болатын. Соның салдарынан доллар 3,6%-ға арзандап, ірі корпорациялар миллиардтаған доллар шығын көрген еді.

Мамандар енді екі мемлекеттің арақатынасы қалыпқа келсе, әлемдік экономикада жаңа тыныс пайда болады деген үмітте.

Тегтер: