Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:10

Кәмелетке толмағандарға тиіскен экс-директорға жеңіл жаза тағайындалды

Қатауов
Фото: Instagram

Түркістан облысының соты 54 жастағы Талғат Қатауовты Қылмыстық кодекстің 122-бабы — кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынас жасау бойынша кінәлі деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Алайда бастапқыда Қатауовқа әлдеқайда ауыр бап — 120-бап (кәмелетке толмағанды зорлау) бойынша айып тағылып, 7 жылдан 12 жылға дейін жаза көзделген. Бірақ сот процесінің соңына қарай прокурордың өтінішімен айып жеңілдетіліп, бар болғаны 2,5 жыл түрме жазасы берілді. Бұл шешім қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Қатауовқа бірнеше қыз бала арыз жазған. Олардың жасы 6-дан 14-ке дейін. Былтыр туған жиені оны бірнеше жыл бойы зорлады деп айыптаған. Қыз бала полиграфтан өтіп, психологиялық сараптамалардан да өткен. Соған қарамастан, іс дәлел жоқ деген негізбен жабылған.

Қатауов бұған дейін мектеп директоры қызметінен оқушыға тиісқені үшін жұмыстан шығарылған. Алайда соған қарамастан, оның аты азаматтық белсенділер арасында кеңінен танымал. Олар Қатауовты полицияның атынан жұмыс істейтін арандатушы деп санайды. Айтуларынша, ол белсенділерге қарсы жала жауып, олардың қамауға алынуына себепші болған.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары мен адам құқықтарын қорғаушылар арасында үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Олар үкімнің жұмсақтығын, дәлелдердің ескерілмеуін және бұрынғы әрекеттерінің еленбеуін сынға алып, істің әділ қаралуын талап етуде.