Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Израиль Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін ұрыс қимылдарын уақытша тоқтатты

Газа
Фото: reuters

Израиль Қарулы күштері Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында бірқатар аудандарда ұрыс қимылдарын уақытша тоқтатып, “тактикалық үзіліс” жариялады. Бұл шешім халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған гуманитарлық операция аясында қабылданды.

Израиль армиясының ресми мәліметінше, Газаға ұн, қант және консервіленген тағам салынған жеті жүк қаптамасы жеткізілген. Бұл жүктердің Газаның солтүстігіне түскені палестиналық дереккөздер арқылы Reuters агенттігіне расталды.

“Тактикалық үзіліс” және гуманитарлық дәліздер

Израильдің ЦАХАЛ әскери құрылымы мәлімдемесінде:

– Саяси басшылықтың тапсырмасына сәйкес және Газада әдейі ашаршылық ұйымдастырылып жатыр деген негізсіз айыптауларға жауап ретінде, БҰҰ колонналары үшін гуманитарлық дәліздер ашылады. Бұл дәліздер азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге арналған, – делінген.

Израиль тарапы көмектің жеткізілуі мен таратылуы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да халықаралық гуманитарлық ұйымдардың тікелей жауапкершілігінде екенін баса айтты.

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан тұста, Газа халқы күн санап гуманитарлық дағдарысқа ұшырап отыр. Халықаралық қауымдастық пен құқық қорғау ұйымдары бірнеше рет Израильді гуманитарлық көмекке кедергі келтірмеуге шақырған болатын. Соңғы “тактикалық үзіліс” – осындай қысымның және ашаршылыққа қатысты сынның аясында қабылданған шешім ретінде қарастырылып отыр.

Алайда, Газа аймағындағы жағдай әлі де қиын күйінде қалып отыр. Көмек көлемі халықтың шұғыл қажеттілігін толық қамти алмайды, ал соғыс қимылдары кез келген уақытта қайта жалғасуы мүмкін.

Тегтер: