Бүгін, 11:05
Жазушы Әкім Тарази өмірден өтті

Бұл туралы ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасыға, жерлеуге қатысты мәліметтерді қосымша хабарлаймыз, делінген хабарламада.
Әкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 9 қыркүйек 1933 жылы Алматыда туған. Кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның Еңбек Ері (2021), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.