Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:25

Путин әскери қылмыскер ме?

Путин
Фото: zhasalash.kz

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Владимир Путинді «әскери қылмыскер» деп атаудан бас тартты.

Оған бұл сұрақ Сенат тыңдауы кезінде кемінде бес рет қойылды, бірақ Рубио нақты жауап беруден жалтарды.

Сенатор Билл Китиң: «Біз келіссөз жүргізіп жатқан адам — Владимир Путин. Ол әскери қылмыскер ме, жоқ па?» — деп тікелей сұрақ қойған.

Алайда Рубио бұл сұрақты нақты жауапсыз қалдырды. Ол:

«Оқиғаларды әскери қылмыс деп сипаттауға болады. Алайда біз үшін басты басымдық — қақтығысты тоқтату. Қазір шешуші сәтте тұрмыз, эмоцияға емес, стратегияға жүгінуіміз қажет», — деді.

Кей сарапшылар бұл қадамды АҚШ-тың Ресеймен келіссөз жүргізуге мүмкіндік қалдыруға тырысуы деп түсінді. Бірақ сыншылар мемлекеттік хатшының бұл әрекетін моральдық тұрғыдан әлсіз қадам деп бағалады.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында да пікір екіге бөлінді. Бірі «бұл — дипломатиялық икемділік» десе, енді бірі «Путиннің қылмыстарын мойындаудан қашу — сатқындық» деп жазды.

Айта кетейік, Халықаралық қылмыстық сот бұған дейін Владимир Путинге қарсы соғыс қылмыстары бойынша ордер шығарған еді.