Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:57, 28 Шілде 2025

Литва Беларусьпен шекара маңындағы әуе қорғанысын күшейтеді

Латвия
Фото: БАҚ

Литва Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Раймундас Вайкшнорас мәлімдегендей, Беларусь жақтан ұшып келген дрондарға байланысты ел шекарасында әуе қорғанысы күшейтіледі.

Оның айтуынша, мұндай жағдай осы айда екінші рет қайталанып отыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Литва аумағына таңертең ресейлік “Гербера” деп болжанған ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА) кіріп, Вильнюс қаласының үстінен ұшып өткеннен кейін солтүстік-батысқа қарай бет алған. Литва полиция департаментінің өкілі Ревита Янавичютенің айтуынша, дронды іздеуге барлық полиция күштері мен басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.

БПЛА елдің әуе кеңістігіне ертеңгісін ерте кіріп кеткен. Әлеуметтік желілерде оның суреттері мен видеолары жарияланды. Көрсетілген бейнематериалдар бойынша, бұл — әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерін сынауға арналған ресейлік “Гербера” дроны болуы мүмкін.

Беларусь
Фото: шекара

Литваның қорғаныс министрі Довиле Шакалене бұл жағдайды Беларусьтегі әскери оқу-жаттығуларға дайындықпен байланыстырды:

«Беларусь аумағында әскери оқу-жаттығуларға дайындық жүріп жатқанын ескерсек, мұндай жағдайлардың, соның ішінде кездейсоқ инциденттердің болу ықтималдығы арта түседі», - деп мәлімдеді ол.