Келесі Рим папасы кім болады?

Сайлау 7 мамырда өтеді. Қазір Ватиканда үміткерлер туралы әңгіме қызу талқыланып жатыр.
Кардиналдардың талқылап жатқан негізгі мәселелері – Фрэнсистің ашық бағытын жалғастыру немесе Бенедикт XVI мен Иоанн Павел II заманының қатаңдығына қайта оралу.
Ең көп талқыланған кандидаттардың бірі – Иерусалимнің латын патриархы, 60 жастағы кардинал Пьербаттиста Пиццабалла. Ол 2023 жылы Хамастың Израильге жасаған шабуылынан кейін израильдік кепілге айырбас ретінде өзін ұсынуымен танымал. Пиццабалла Газа мен Батыс жағалаудағы христиан қауымдарын қадағалайды.
72 жастағы венгр Петер Эрде. Ол Бенедикт XVI-ға жақын және өзінің дәстүрлі ұстанымымен танымал. Бірақ Фрэнсисктің ұстанымына мүлдем қарама-қайшы.
67 жастағы филиппиндік Луис Антонио Тагл. Оның түп тамыры қытайлық. Бейжің мен Манила арасындағы шиеленіс жағдайында Таглдың таңдауы саяси сынақ болуы мүмкін.