Трамп Барак Обаманы мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады

Трамп 2016 жылғы сайлауға қатысты Ұлттық барлау қызметінің баяндамасын талқылай отырып, елдің бұрынғы басшысы Барак Обаманы және өзге де демократиялық партия өкілдерін мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады.
Бұл туралы Трамп Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
— Бұл — нағыз опасыздық болды. Олар сайлауды ұрлауға тырысты. Сайлау үдерісін шатастырып, халықты адастырды. Олар ешкім елестете алмайтындай әрекеттерге барды. Тіпті, мұндай жағдай басқа мемлекеттерде де сирек кездеседі, - деді ол.
Трамп өз мәлімдемесінде Обаманы “бүкіл істің басында тұрған адам” деп атап, 2020 жылғы президент сайлауын бұрмалады деп Хиллари Клинтон мен қазіргі президент Джо Байденді де айыптады.
— Бұл – түгел ұйымдастырылған схема. Олар сайлауды бұрмалауға тырысты және сол әрекеттері әшкере болды. 2020 жылғы сайлау нәтижелері шынайы емес, бұрмаланған, - деп мәлімдеді Трамп.
CNN телеарнасының мәліметінше, АҚШ заңнамасы бойынша мемлекетке опасыздық — ең ауыр қылмыстардың бірі болып саналады және ол үшін өлім жазасына дейінгі қатаң жаза көзделген.
Алайда Трамптың бұл айыптаулары дәлел ретінде ресми тергеумен расталмаған. Демократиялық партия мен АҚШ-тың сайлау органдары бірнеше рет 2020 жылғы сайлау нәтижелерінің заңды және әділ өткенін мәлімдеген болатын.
Жұма күні Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард 2016 жылғы сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін Обама әкімшілігінің сайлау нәтижелерін жоққа шығару үшін жалған ақпарат таратпақ болғанын дәлелдейтін есеп жариялады.