Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:41, 24 Шілде 2025

Енді Қазақстандағы барлық қайырымдылық қорлары БАҚ арқылы есеп беруге міндеттеледі

Қайырымдық
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қайырымдылық саласындағы ашықтықты арттыру мақсатында жаңа талаптар енгізілмек. 

Бұл туралы Үкімет алаңындағы брифингте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Қайырымдылық туралы» заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

«Қайырымдылық туралы заңға бірнеше бағыт бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Ең алдымен, азаматтарды қайырымдылық көмегін көрсетуге ынталандыру. Екіншіден – ашықтық пен есептілік: барлық қайырымдылық ұйымдары бұқаралық ақпарат құралдарында есептерін жариялауға міндетті болады», - деп атап өтті ол.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай талап азаматтардың сенімін арттыруға, қайырымдылық ұйымдарының қызметін барынша ашық етуге бағытталған. Сонымен қатар заң жобасында қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға салықтық жеңілдіктер қарастыру тетіктері де пысықталып жатыр.

Себебі соңғы жылдары қайырымдылық атын жамылып, алаяқтықпен айналысатын ұйымдар көбейіп кеткен. Жаңа талаптар солардың жолын кесіп, шынайы көмек көрсетіп жүрген қорлардың беделін көтеруге мүмкіндік береді.

Жаңа заң жобасы биылғы күзде Парламент қарауына ұсынылады деп күтілуде.

Тегтер: