Ресейде коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр

Ресейде коронавирустың жаңа түрі – NB.1.8.1 деп аталатын штамм тіркеліп, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырып отыр.
Бұл штамм алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында анықталған. Қазіргі таңда вирус тек Ресейде ғана емес, Таяу Шығыс елдерінде, Қытайда, Үндістанда, АҚШ-та және Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде тіркелген.
Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау және адам саулығы саласындағы федералдық қызметі (Роспотребнадзор) вирустың таралуына байланысты түсініктеме беріп, төрт адамның індет жұқтырғанын растады. Мамандардың айтуынша, бұл штаммның белгілері бұрынғы COVID-19-ға ұқсас болғанымен, вирустың жұғу қарқыны мен таралу ерекшелігі өзгеше болуы мүмкін.
Инфекция белгілері:
- дене қызуының көтерілуі,
- жөтел,
- тамақтың жыбырлауы,
- дененің әлсіреуі
- бұлшықет ауруы.
Қазір кейбір елдер қоғамдық көліктер мен жабық мекемелерде бетперде тағуды қайта ұсынуда. Сонымен қатар санитарлық шараларды күшейтіп, науқастармен байланыс болған адамдарды оқшаулауға кеңес беріп жатыр.
Мамандар бұқаралық шараларда абай болуға, гигиена талаптарын сақтау мен қажет болған жағдайда вакцинациядан өтуге кеңес береді. Тиісті органдар індеттің таралуын бақылауда ұстап отыр.