Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 12:50

Есімовтің бұрынғы көмекшісіне тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Новиков
Фото: ашық дереккөз

Алматы маңындағы таулы аймақтағы генерал-майор мен Есімовтің бұрынғы көмекшісіне тиесілі жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Генерал-майор, отставкадағы әскери және Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің бұрынғы көмекшісі Павел Новиковке тиесілі ірі жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерлерді ол «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС арқылы иемденіп келген.

Әңгіме 2004 жылы жеке меншікке 25 миллион теңгеге рәсімделген 840 гектар жер туралы болмақ. Алайда прокуратура бұл жер телімдерінің су қоры санатына кіретінін және жекешелендіру заңсыз жүргізілгенін анықтаған. Қазіргі нарықтағы құны — шамамен 54 миллиард теңге.

Жер
Фото: Facebook

Аталған аумақтың 100 гектарына жуық жерінде алма мен алмұрт өсірілген, қалған бөлігі пайдаланылмай бос жатқан. Компания сот шешіміне қарсы шағымданып, тіпті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінуге тырысқанымен, сот прокуратураның талап-арызын қолдады.

Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын Ахметжан Есімов тұсында 7 миллиард теңгеге заңсыз берілген Алматыдағы жер телімдері мемлекетке қайтарылған еді.

Есімов
Фото: ашық дереккөз

«2014 жылы Алматы қаласының шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер телімдерінің бір бөлігі қаланың құрамына кірді. Осылайша, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-не қосалқы шаруашылық жүргізу үшін Алматы облысы Қарасай ауданынан 30,9 гектар жер телімі алынды. Алайда, ЖШС жер телімінің кадастрлық құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп нақтылаған еді прокуратура.

Айта кетейік, Ахметжан Есімов - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.