Зеленский: «Путинге бейбітшілік керек емес»

Украина президенті Владимир Зеленский 12 маусым күні немістің Bild басылымына берген сұхбатында Ресейдің Украинамен жүргізіп жатқан бейбіт келіссөздеріне шын ниеті жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, Кремльдің басты мақсаты — Дональд Трампқа “келіссөз жүргізіп жатырмыз” деген сылтау айту арқылы жаңа санкциялардың алдын алу.
«Путин кез келген сәтте: “Біз сөйлесіп жатырмыз ғой! Егер санкция салсаңыздар, онда келіссөз де тоқтайды”, - деп айта салады», - деді Зеленский.
Ол Ресейдің шынайы мақсаты — Украинаны халықаралық аренада оқшаулау екенін жеткізді.
«Путин үшін тамаша сценарий — Украинаға халықаралық серіктестерінің қолдауысыз ұзақ соғыс жүргізу. Ал егер бізге көмек көрсетіліп отырса және санкциялар күшейсе — Ресей ондай соғысқа төтеп бере алмайды», - деді ол.
Зеленский Трамптың сынына қатысты не деді? АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өзіне қарата айтқан сынына қатысты Зеленский сабырлы түрде жауап берді:
«Егер бұл соғыстың аяқталуына аз да болса үлес қосса, онда мен бәрін де қалыпты қабылдаймын. Президент Трамп өз тактикасын таңдады. Мен ешкімді сөккім келмейді», - деді ол.
Bild тілшісі Пауль Ронцхаймердің «Сіз Трампты неге ашық сынамайсыз?» деген сұрағына Зеленский былай жауап берді:
«Оның тарихи миссиясы — әлемде бейбітшілікті қалпына келтіру. Одан артық маңызды ештеңе жоқ», - деп жауап берді.
Зеленский Украина СБУ жүргізген «Өрмек» операциясына тоқтала келе, Ресейдің соңғы күндері жасап жатқан дрон және ракеталық шабуылдарын дәл осы операциямен байланыстыру дұрыс емес деді.
«Паутинаға дейін де олар ауқымды шабуыл жасаған. Бұл оларға тән тактика», - деді Зеленский.
Мәскеудің «Украинадағы соғыста біз жеңіске жетіп қалдық» деген мәлімдемесін Зеленский жоққа шығарды. Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштері соңғы үш апта бойы жаңа ресейлік шабуылды сәтті тойтарып келеді.
«Ресейліктердің табысы туралы айту – тым асыра сілтеу. Олар табысты деп айту – жұмсақ айтқанда, шындыққа жанаспайды», - деді Украина президенті.
Сұхбат 2025 жылдың 12 маусымында немістің Bild басылымында жарияланды.